Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханов

Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханов

(Ә.Бөкейхановтыңтуғанына 150 жыл)

(1866-1937)

Орынборда Алашорда деген атпен алғаш құрылған қазақ өкілдерінің (халық кеңесінің) тұңғыш төрағасы; «Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған Алаш көсемі Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей  облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысында (қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында) дүниеге келген. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарағаны тағы анық. Бөкей хан – атақты Көкжал Барақтың баласы. Әкесі – Нұрмұхамед. Ауыл баласы – ойын баласы. Алайда, «болар бала…»- тоғыз жасында барған Әлихан Қарқаралыдағы 3 сыныптық мектепке өз еркімен ауысып алды. Артынша, сол қаладағы үш жылдық училищеге түсіп, оны «өте жақсы» деген бағамен аяқтап, он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады, «Үздік оқыған баланы ұстазы да қолдайды» демекші, мектеп мұғалімдері оның ары қарай оқуын жалғастыруға көмек жасады. Дала генерал–губернаторының ұсынысымен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алған Әлихан Санкт–Пертербургтің Орман шаруашылығы институтының экономика факультетінде оқыды. Осы бір орта оның көзін ашып, оң–солын аңғартуға көп көмек жасады. Ұлтының ауыр тағдырын ойлап, мазасыздана бастады, жол іздеді. Халықтың ой–санасын оятып, саясатты түсінерліктей  дәрежеге жеткізу үшін ұлтының білім алуы керектігін түсінді. Омбыға оралғанда кешегі жас бала Әлихан жан–жақты көзқарасы бар, ұлттық рух пен намыспен қаруланған аса зерделі саясаткер еді. Ол құлдық санадан құтылу үшін көптеген әрекеттерге барады. Елге  насихат жүргізіп, отаршылдық не екенін түсіндіреді. Қазақ басылымы  беттеріне азаттық, тәуелсіздік жайында көптеген мақалалар жариялайды. Алайда, патша жансыздарының қақпанына түсіп, Семей  түрмесіне жабылып, Самар қаласына жер аударылады. Бұғаудан босағанан кейін де ол азаттық үшін күресін тоқтатпайды. Қазақ автономиясын құруға ат салысады. Ол үшін алаш партиясын ұйымдастырады. Түптің түбінде 1917 жылдың желтоқсанында Қазақ автономиялы республикасын құрып, оның тұңғыш төрағасы болып сайланады. Алайда, жеңіске жеткен қызыл үкімет олардың жұмысын тоқтатып, басшыларын қудалады. Әлихан Мәскеуге жер аударылып, Алашорда үкіметі жыл жарымдай ғана өмір сүрді. Кеңес үкіметі Алашорда басшыларына 1919 жылы кешірім жасады. Оның көcемдері әртүрлі жұмыстар істеп, «Коммунистер манифесін» тұңғыш рет қазақ тіліне  аударды. Міржақып Дулатов жоғары оқу орнында  сабақ берді, оқулықтар жазды. Негізінде, алашорда үкіметінің қабылдамағаны «Қызылдар» ұсынған қоғамдық меншік туралы еді, яғни мал да, жан да тек өкіметтікі деген болатын. Расында, қазақ жұрты мұндай меншікке дайын емес-тін. Ғасырлар бойы қалыптасқан жүйені  бір күнде аз ғана уақыттың ішінде  өзгерте салу қиынның қиыны еді. Сол себептен бе, біз Алаш партиясын құрып, оның өкіметін сайлау үшін еңбек етіп, бір жарым жыл болса да қазақ мемлекетін жасаған Әлихан Бөкейханов сынды азаматтардың бұл тірлігін - ұлт азаттық қозғалысы деп тану қажет. Қызыл репрессияның қанды қылышы аспанға көтеріліп, большевиктер жан-жағынан жау іздеген шақта, алғашқылардың бірі болып, Әлиханның «халық жауы» атануы анық еді. Ол 1937 жылы Мәскеуде ұсталып, 1938 жылдың мамыр айында  71 жасында атылды. Ғұлама ғалым, ормантанушы, этнограф, экономист, мал шаруашылығын зерттеуші, ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, әдебиеттанушы, аудармашы әрі публицист, Ресейдің I – Думасының және мұсылман съезінің депутаты, IV мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының бюро мүшесі Әлихан Бөкейханов мәңгілікке тірі. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Ол туралы:

Айталы, Амангелді. Ә. Бөкейхан мемлекет пен дін туралы [Мәтін] / А. Айталы // Ақиқат. - 2015. - №8. - Б. 15-17.

Аққұлұлы, Сұлтанхан. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / С. Аққұлұлы // Егемен Қазақстан. - 2015. - 24 қараша (№225). - Б. 5.

Аққұлұлы, Сұлтан. Алаш. Әлихан. ЮНЕСКО [Мәтін] : сұхбат / Әңгімелескен: А. Әлменбет // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 25 желтоқсан (№52). - Б. 1;8.

Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханов (1866-1937) [Мәтін] / Жауапты: Ж. Қалыбай // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2011. - № 20. - Б. 1-49.

Бөкейханов Ә.  [Мәтін]: [қысқаша өмірбаяны] // Жүз тұңғыш: жинақ / құраст. Б.Нұржекеұлы. – Алматы, 2005. – Б. 11-18.

Бөкейханов Ә. [Мәтін]:[қысқаша өмірбаяны] // Тұңғыштар / құраст. Ш. Күмісбаев. – Алматы, 2007. – Б. 122-124.

Бөкейханов С. Өткен күнде белгі бар [Мәтін] / С. Бөкейханов. - Алматы: Жібек жолы, 2008. – 160 б.

Шығармалары:

Бөкейханов Ә. Таңдамалы [Мәтін]: 2 кітап /Ә. Бөкейханов. - Алматы: Өлке, 2003. – 244 б.

Қазақ прозасы [Мәтін] : хрестоматия: үш томдық . 2-т. ХІХ-ХХ ғасырлар / ред. Б. Хабдина ; құраст. Х. Жұмашұлы. - Алматы : Ғылым, 2001. - 672 б.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений