Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

«Семь лепестков доброты»

Балалар «Семь лепестков доброты» ертегілік нұршашуда мұқтаж жандарға әрқашанда көмекке келуге дайын мейірімді адамның адамгершілігін және жағымды қасиеттерін талқылады.

ЭК-тұсаукесерінің сүйемелдеуімен өткен В. Катаевтың «Цветик-семицветик» атты ертегісін оқу арқылы кішкентай оқырмандар қарапайым қуанышты танып, басқа адамдардың алдындағы жауапкершілікті түсіне білді.

Балалар жақсылық дегеніміз не, қандай адамды қайырымды, мейірімді деуге болатыны, ол қандай игі істерімен жақсылық жасай алатыны туралы ойланды. Қорытындылай келе, жақсылықты көзбен көре алмаса да, оны қайырымды әрекеттерден, сөздерден, жылы қауышудан, адамдардың көзінен, күлімсіреуінен байқауға болатынын түсінді. Өзгеге аяушылық білдіру, сараңсымау, күндеушіліктен аулақ болу, әлсіздер мен ауруларға көмектесу, адамдардың кемшіліктеріне күлмеу сияқты мейірімділік қағидаларын еске түсірді.

Балдырғандар туғанынан немесе жағдайға байланысты  қоршаған ортамен дәстүрлі түрде қатынаса алмайтын адамдарға мейірімділікпен қарап, қол ұшын беру керектігі туралы ұмытпауды талқылады.

Шараның соңында жас жеткіншектер түрлі-түсті гүл жапырақтарын салып,  оған өз жақындарына, құрбы-достарына ізгі тілектерін арнады.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений