Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

«Предлагай. Делай. Побеждай»

Қазіргі заман адамдары өздерінің интеллек коэффициентін (IQ) білгенді маңызды санайды. Ақыл адамның жинаған білімін қолдана отырып,  туындаған мәселелерді тез арада шеше білу қабілетін анықтайды. Соған орай, Крупская атындағы мектеп-интернатының оқушылары «Предлагай. Делай. Побеждай.» атты библио IQ-ына қатысып, түрлі пәндерге қатысты практикалық тапсырмалар мен логикалық есептерді шығару барысында білім деңгейлерін байқап көрді.

Бұл шараға жасөспірімдер белсене қатысты: бірінші кезеңде қатысушылар өмірде жиі кездесетін физикалық құбылыстардың болу себебін түсіндіретін бірнеше нұсқалар келтірді,   «Научи яйцо плавать», «Верное  равенство», «Два столбца», «Бокал из спичек» деген тапсырмалардан тұратын екінші кезең логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырғаны – географиядан болған бейневикторина. Бұл кезеңде гоеграфиялық белгілерді назарға ала отырып, әлем елдерін белгілі бір уақытта анықтау талап етілді.

Шараны аяқтаған әдеби шолу да қатысушылардың көңілінен шықты. 

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений