Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

«Режиссура»

Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы – кітапхана оқырмандары үшін де маңызы айрықша оқиға. Сондықтан,   Халық әртістері ағайынды Абдулиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі «Режиссура» мамандығының 3 курс студенттерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бағдарламалық құжатымен танысу өткізілді. Бұл Жолдау мемлекет дамуының кезеңдік межесі болды.

Жолдаудың маңыздылығы  жастардың пікірінен де аңғарылады:

Тұмарбай Айдана: «Бұл нақты практикалық істердің бағдарламасы, сөзсіз, барлық Қазақстандықтар үшін, соның ішінде, болашақ зиялылар - біздер студенттер үшін маңызды».

Бердникова  Ангелина: «Елбасы Жолдауынының бірін де жіберген емеспін. Бұл жолы да ықыласпен тыңдадым. Елбасы бәрін жақсы айтты, оған сенуге болады!».

Булкин Александр: «2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мектеп табалдырығын жаңа аттаған әрбір жас азаматы тегін  кәсіптік-техникалық білім алуға мүмкіндігі бар.  Бұл бағдарлама жұмысшы мамындығының беделін көтереді, ал ол өз алдына сапалы  кадрлар,  соның  ішінде,  біздің Шығыс Қазақстан үшін маңыз зор металлургия саласының мамандар санының өсуіне септігін тигізеді».

Елбасымыздың  Жолдауда  айтқанындай: «Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!».

 

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений