Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

ЭКСПО-2017 kz

ЭКСПО-2017 КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ

КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ШЫҒАРЫЛДЫ

ЕХРО – 2017 КӨРМЕСІНІҢ

ЖАҢА ЛОГОТИПІ


 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысында экономика саласын жаңғырту, дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынуда. Солардың бірі Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ұлттық сүт өнімдерін шығаруға бағытталған жаңа технология «Сүт сарысуын қоюландыруға арналған қондырғы» іске қосылып, сары судан алынатын жаңа өнімдер тағамы жұртшылықтың назарына ұсынылады. Бұл шараға ұйытқы болып отырған Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасы. Жаңалықты ойлап тапқан Төлеуқадыр Байқұтанов пен оның көмекшісі Хайролла Түсіпов. Олар Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбековтің қолдауымен әрі демеушілігімен жаңалықтарын жүзеге асырып, халық игілігіне ұсынып отыр. Осы жоба арқылы энергияны үнемдеуге болады. Өздеріңіз білесіздер, сүтті ұйытып, сары суын сүзіп, екінші өнім құрт, ірімшік түрлерін алуға болады. Сары су сүзіліп алынған кезде оның құрамына 50 пайыз құрғақ сүт өнімі, лактозалар мен минералды өнімдер кіреді. Енді осыларды қоюлату арқылы жаңа сүт өнімдері шығарылатын болады. Сондай-ақ, бұл қондырғы жел мен күн энергиясы арқылы жұмыс жасайтын болады. Жаңалық иелері өздерінің бұл жұмысын ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындап, дүниежүзіне еліміздің тың жетістігі ретінде көрсетпек.

Экспо-ның тарихы

«Болашақ энергиясы»

 

 

ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ

«ЭКСПО» Халықаралық көрмесі қай кезде де маңызды шара болған. Кез келген мемлекет осы әмбебап көрмеге барынша дайындалып, абыройымен өткізуді ойлаған. 1925 жылы жаһандық шараны өткізу жауапкершілігін Франция астанасы мойнына алады. Әмбебап көрмеге қатысуға шақырту алғандардың  ішінен  Қазақстаннан  жалғыз Әміре Қашаубаев болған. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен Дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағашаяқ», «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған еді. Әйгілі француз жазушысы Ромен Роллан Әміренің құдіретті дауысын тыңдағаннан кейін: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұлға теңегенін енді түсіндім» - деп таңдай қаққан екен.

 

.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений