Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Кітап көрмелер

«Тіл - ұлттық рухтың негізі»

22 қыркүйекте  ҚР халықтарының тілдері мерекесіне орай ұлттық әдебиет және өлкетану бөлімінің оқу залында «Тіл - ұлттық рухтың негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

.

«Шебердің қолы ортақ»

Адам ежелден-ақ жартасқа салынған суреттер, архитектуралық ғимараттар, мүсіндер арқылы  өмірдің ғажайып сәттерін жоғалтпай есте сақтап қалуға ұмтылған. Өнер туындылары мен олардың авторлары туралы мәліметтерді «Шебердің қолы ортақ» көрмесіне қойылған кітаптар мен журналдардан алуға болады.                                                                              

Көрменің бірінші блогында сәулет өнері мен сәулетшілер, мүсіндер мен олардың авторлары туралы әдебиеттер жинақталған.

Екінші блок оқырмандарды суретшілермен, олардың туындыларымен таныстырады.                                                                          

Үшінші блокта интерьер, сән саласындағы дизайн жаңалықтары, қолөнер мен арт-нысандарды дайындау тәсілдері туралы мәліметтер топтастырылған.

.

«Ғажайып әлемінің ғылымы»

Достар!

Қазір жаз - көңіл көтеру, суға тусіп, күнге қыздырыну мезгілі! Алайда мектепке баратын уақыт та жақындап қалды.  Сендерге жаңа оқу жылына дайындалуға көмек ретінде «Ғажайып әлемінің ғылымы» атты таныстыру көрмесін ұсынамыз.

.

Ұйқысыз түндерде оқитын кітаптар

      Сүйкімді,әдемі,нәзік жанды оқырман қыздарымыз!

      Махаббат - адам баласы өмірінде  ең бір таза мөлтек сезім! Ол адамның өмірін мән- мағынаға толтырып, қуанышқа бөлейді, өз бақыты үшін  күресуге, өмір жолын жақсартуға жетелейді.

      Осыған орай «Ұйқысыз түндерде оқитын кітаптар» атты махаббат туралы көрме-шолу ұйымдастырылған. В. Иванованың «Любовь по интернету», Е. Нестеринаның және И. Щеглованың қыздарға арналған махаббат туралы тамаша романдарын оқысаңдар,  уақыттың қалай өткенін білмей қаласыңдар. Ал  А. Снегиреваның « Секреты очарования для девочек»  атты кітабы әрбір қыз балаға қызықты болады. Бұл кітапта сәнді киінудің, өзіңді үйде, қоғамда дұрыс ұстаудың, ұл балаларға ұнаудың сырлары берілген!

      Сендерді қызмет көрсету бөлімінде асыға күтеміз!   

.

«Түс сиқыры»

       Кітап беттерінің түсі қандай болады екен? Бұл сұраққа жауап беруге балаларға «Түс сиқыры» ғажаптану көрмесі көмектеседі. Осында өзгеше кітаптар ұсынылған: олардың атауларында түс атаулары бар. Бояулардай сөз көмегімен де айналадағы әлем жарқырай, жайнай түседі. Соның дәлелі - балаларды шынайы және ойдан шығарылған шытырман оқиғалар әлемімен таныстыратын «Түрлі-түсті фейерверк мекені» тарауындағы кітаптар: Д. Емец «Планета Черного Императора», Л.Д. Рэби «Тайна Золотого города», А. Дюма «Кавалер красного замка», Д. Лондон «Белый клык».

       Біздің әлем тек жеті түспен боялған. Спектрдің жеті түсі өмірімізді миллиондаған түрлі-түсті реңктерімен әсемдейді. Осы туралы «Түрлі-түсті акварель» тарауындағы  Е. Каменеваның «Какого цвета радуга», Л.А. Рапацкаяның «Искусство «серебряного» века» кітаптары баяндайды.

       Мерекелер мен әсерлі кештерді ұнататындарға «Жарқын! Көңілді! Жалынды!» тарауының кітаптары ұсынылған.

       Өзіміз айтатын сөздердің түсі қандай болса, айналамыздағы әлемнің түсі де дәл сондай. Балаларға «сиқырлы қарындаш»көмегімен айналаны одан әрі жарқын және көркем қылып жасауға, басқалармен «түрлі-түсті» кітаптарды оқығаннан алған әсерімен бөлісуге мүмкіндік берілді. 

.

«Кітап әлемі - ол нағыз керемет әлем!»

     Қымбаты достар!

     Қазір сендердің бағдарлама бойынша берілетін әдебиетті оқып жатқандарың бізге мәлім. Демек, мектептің негізгі бағдарламасынан басқа біз сендерге күтпеген сыйлық дайындадық! Жоғары сынып оқушыларына арналған абонементінде қазір «Кітап әлемі - ол нағыз керемет әлем!» атты көрме-ұсыныс ұйымдастырылды.

     Тек сендер үшін «S.T.A.L.K.E.R.» сериясы әдебиеттерінен көрме-ұсыныс дайындап, назарларыңа қазіргі заманның фантастикалық романдарын ұсынамыз! Бұл В. Шалыгиннің «Тринадцатый сектор» және «Время огня» шығармалары, А. Калугиннің «Ржавчина», «Мечта поражения» романдары, Е. Тумановскийдің «Два мутанта» туындысы және тағы басқа шығармалар.

     Сонымен қатар, көрменің «В поисках тайны» бөлігінде көптеген қызықты, керемет шытырман оқиғалы  тарихи романдар көрсетілген! Келіңдер, көріңдер, оқыңдар!

              Біз сендерді қызмет көрсету бөлімінде күтеміз!    

.

Асыға келіңдер, оқуға - ерінбей!

Құрметті оқырмандар! 

Сіздер үшін "Асыға келіңдер, оқуға - ерінбей" атты көрме-айырбас ұйымдастырылғанын білесіңдер ме? Онда тезірек бізге қызмет көрсету бөліміне келіңдер!

Көрмеде «Осторожно- отличникам читать запрещается», «Роман за два часа», «Классика-детям» атты  үздік кітаптар сериялары қойылған, оларды сендер таңдап, оқи аласыңдар!

Сонымен қатар, балалар! Егер де көрмеге үйлеріңдегі кітапханаларыңнан қызықты кітаптарыңды ұсынғыларың келсе, әкеліп көрсетіңдер, олар туралы айтып беріңдер. Біз оларды замандас-құрбыларыңа ұсынып, сендерді белсенді оқырмандар ретінде атап кетеміз!

Сүйікті кітаптарыңмен басқа оқырмандармен бөлісіңдер!

Бәріміз бірге қызыға оқиық!

Сендерді және сендердің ұсыныстарыңызды күтеміз!

.

Қазақстан футболына – 100 жыл!

     Семей қаласы – Қазақстан футболының отаны. 1913 жылы осында"Олимп", "Ласточка", "Орлята" және "Ярыш" атты алғашқы футбол командалары ұйымдастырылды. «Ярыш» командасының құрамында кейін әлемге әйгілі жазушы атанған семинарист Мұхтар Әуезов те ойнайды. Отандық футболдың негізін қалағандар және Мұхтар Омарханұлымен бірге «Ярыш» командасы құрамында ойнағандар  - Ахметсәлим Кәрімов (капитан), Қасымқан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Ниғматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин.

     Әрине, сол кезде Қазақстан футболының жанашырлары  әр түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Мемлекет тарапынан қаржыландыру, футбол алаңдары мен стадиондары, керекті жабдықтары болған жоқ. Алғашқы матчтар күтімсіз қалған алаңқайларда өтіп, алғашқы ойыншылар гимназия оқушылары мен семинаристтер болды.

.

"Үйдегі дәрілік өсімдіктер"

Кейбір бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері бар екенін білесіз бе? Калонхое, фикус, алое, дихоризандра сияқты көптеген үй өсімдіктерінің түрлі ауруларды емдеудегі шипасы мол.

«Үйдегі дәрілік өсімдіктер» атты көрме сіздің үйде өсірілетін дәрілік өсімдіктер туралы біліміңізді толықтыра түсері сөзсіз. Көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдар  дәрілік өсімдіктермен, олардың косметологиядағы қолданылуы туралы мәліметтермен таныстырады.

Cізді кітапхананың оқу залына шақырамыз!

.

«Білім теңізінен жазғы демалысқа»

Балалар, Сіздер не жайлы сөз болатынын сездіңдер ме? Міне, ұзақ күткен жазғы демалыс күндері де жақын қалды! Суға түсіп, күнге қыздырынып, тынық!

Бірақ Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «ең жақсы демалыс – кітаппен ғана», - деп санап, кішкене оқырмандар сіздерді танымдық, көңіл-күй көтеретін, спорттық ойын шараларына қатысуға шақырады.

Кітапхана фойесінде көрнекті, әсем безендірілген «Білім теңізінен жазғы демалысқа» атты ақпарат-панорамасы Сіздерді жаз мезгілінде өтетін шаралар бағдарламасымен таныстырады.

Келіңіздер, жазғы демалысты көңілді өткізейік!

 

.
Besucherzahler
счетчик посещений