Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

Шығыс Қазақстан тума таланттарға  өте бай. Өлкемізден шыққан әлемге танымал әншілер, сазгерлер, суретшілер, ақын-жазушылар қаншама! Абай Құнанбаев, Павел Васильев, Оралхан Бөкеев, Марат Қабанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Александр Волков, Мұхтар Ауэзов, Анатолий Иванов, Ефим Пермитиндердің  есімін  мақтанышпен атауға болады. Олардың баға жетпес әдеби мұралары қазір де әр оқырманның жүрегінде. Осы мәдени құндылықтарды сақтауда кітапхананың рөлі ерекше. Шығыс Қазақстан  кітапханалары Қазақстан қауымдастығы мен жақын шет елдерге бұрыннан таныс.

Облыс территориясында ғасырдан астам жұмыс істеп келе жатқан кітапханалар бар: Пушкин атындағы кітапхана (1896ж., Өскемен қ.), Абай атындағы әмбебап кітапханасы (1883ж., Семей қ.), 2009  жылы өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өткен Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы.

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының тарихы 1939 жылдан бастау алады. Сол жылы облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада балаларға қызмет көрсетуге арналған құрылымдық бөлімше ашылды. Көп ұзамай бұл бөлімше дербестік алып, 1959 жылға дейін «№1 қалалық балалар кітапханасы» аталып келді. 1959 жылы кітапхана «Облыстық балалар кітапханасы» мәртебесін алды, ал 1964 жылы белгілі балалар жазушысы А.П.Гайдардың есімі  берілді. 

Кітапхананың аяғынан тік тұрып кетуіне 1954 жылдан 1983 жылға дейін басшы қызметінде болған Ерофеева Галина Арсентьевна үлкен Bib1үлес қосты. Сол жылдардағы кітапхана қорында 32290 дана кітап болды. Кітапхана штаты 15 адамды құрады. 

1985 жылы  Павлова Руфина Калистратова, 1986 жылдан 1995 жылға дейін Смоляр Татьяна Александровна басшылық етті.

1995 жылы кітапхана басшылығына Карчалова Күлзада Қаратайқызы  келді. Оның жоғарғы ұйымдастырушылық қабілеті, жаңаша басқару стилі, шығармашылық жұмысты дұрыс жолға қоя білуі арқасында барлық қиыншылықтар артта қалды.

Әдебиеттерді танымалдандыру мақсатында 1996 жылы көпшілік жұмыстар мен үйірме секторы құрылды. Сектор құрылғаннан кейін өткізілген шаралардың сапасы жақсарып, оқырмандар саны артта түсті.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі - өлкетану. Осыған байланысты 1998 жылы ұлттық әдебиет және өлкетану секторы ұйымдастырылып, 2000 жылы бөлім болып қайта құрылды. 2000 жылы кітапхана көлемі 540 шаршы метрлік кішкене ғимараттан ауданы 1758,8 шаршы м. болатын, 6358 шаршы м.  жеке жер телімі бар ғимаратқа көшірілді. Бұл  уақытта кітапхана қорында 140000 кітап болды.

Кітапхана көлемінің үлкеюіне байланысты жаңа мүмкіндіктер туды. Кітап қорын толықтыру өсті, кітапхана штаты көбейді. Ескі бөлімдер жаңа құрылымдық бөлімдер болып қайта құрылды. 2001 жылы ғылыми-әдістемелік жұмыстар секторы - ұйымдастыру-әдістемелік  бөлімі болып қайта құрылып, оның қызмет көрсету аясы кеңейді. Ал көпшілік жұмыстар мен үйірме секторы мәдени шаралар мен бос уақытты ұйымдастыру бөлімі болып қайта құрылды. Оқырмандар континентінің өсуіне байланысты Кітапхана атауы балалар және жасөспірімдер кітапханасы болып өзгерді. Сөйтіп  Шығыс Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалардың ақпараттық-әдістемелік орталығына айналды.

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қарамағында 16 кітапхана және филиалдар бар.

Жаңа статус алуына байланысты 2003 жылы төмендегідей бөлімдер ашылды:

- кітапхананы дамыту бөлімі - кітапхананы дамыту үшін жаңа технологияларды қолданысқа енгізуді жүзеге асырады. Дизайнерлік және электронды мүмкіндіктер мен ақпараттық өнімдерді пайдалана отырып, пайдаланушыларға компьютерлік, офистік, полиграфиялық және Интернеттік қызмет көрсетеді. Бөлім жұмысын кеңейту мақсатында соңғы инновациялық-техникалық құралдарды енгізеді.

- шетел әдебиеттері бөлімі оқырмандарға шет тілін үйретуге ықпал етеді.

2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кітапхана қорына Республикалық баспалардан аса қажетті  кітаптар тегін түсе бастады. DirectorКүлзада Қаратайқызы Карчалованың басшылығымен кітапханада қызметкерлердің шеберлігін арттыруға барлық жағдай жасалған. Жыл сайын  шығармашылық байқаулар, семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары өткізіліп тұрады. Кітапхана қабырғасында және кітапханадан тыс жерлерде өтетін басқа да шаралар әр кітапханашының кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. К.Қ. Карчалова IFLA Халықаралық конференциялары мен форумдарға қатысып тұрады: Осло қ.(Норвегия) – 2005 ж.; Сеул  қ.(Оңтүстік Корея) – 2006 ж;  Квебек қ.(Канада) – 2008 ж.;  Миланқ.(Италия) – 2009 ж.

Кітапхана 8 жылдан астам уақыт кітапханалық жұмыстардың барлық бағыттары бойынша балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының арасында жетекші орында келеді. Кітапхана қызметі жайлы мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, республикалық, халықаралық құжаттарда тіркелген.

Бүгінгі Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы өзінің шығармашылық дамуының шыңына жетті.

Өткен жылдарға көз салсақ, там-тұмдап жинақтаған аса құнды, мол тәжірибені жаңа заман ағымына бейімдеп қолдана білу керектігіне көз жеткізгендейміз.

.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений