Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Баспа қызметі

Өзіміз шығарған басылымдар

Үзілген заманның бір жұлдызы

 

1ryt Ұсынылып отырған «Үзілген заманның бір жұлдызы» атты библиографиялық көрсеткіш қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың тұғанына 180 жыл толуына арналған.   Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығын жойған емес. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың өркендеуіне ерекше ықпал етті. Заманында дүние жүзі ғылымына елеулі үлес қосқан оның барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды. Жүктеу (pdf)

 

Тұнық жырдың тұмасы 

Dulat

Бағзы замандардан бері қоңырауын күмбірлетіп, күңіріне көшкен жыр керуенінің сүрлеу-соқпағы баба тарихымыздың бел-белестерінде тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Өмір өзгеріп, тұрмыс қанша түрленсе де, елім деп еңіреген, жерім деп күйзелген ата жыр өзінің түп тамырын жұлдырмай, өзегін үздірмей өркен жайып, күннен-күнге кемелденіп дамып келеді. Сан ұрпақ келіп, сан ұрпақ кетіп жататын жұмбақ жалғанда көздің шырағы сөнсе де, сөздің шырағы ешқашан сөнбек емес. Бұған VIII ғасырдағы Күлтегіннің көктасына түскен елдік жырының ғажайып рухының Қорқыт, Әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Кетбүға, Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтанберді, Бұқар, Махамбет, Дулат, Абай, Мағжандарға дейін, онан кейін де ұласа шеру тартуы айқын дәлел. Биыл елдіктің жыршысы, еркіндіктің жоқшысы, ақын Дулат Бабатайұлының туғанына 210 жыл.  Ақынның мерейтойына орай, Сіздердің назарларыңызға «Тұнық жырдың тұмасы» атты әдебиеттердің ұсыныс көрсеткішін ұсынамыз. Жүктеу (pdf)

Қазіргі кездегі ерлер мен әйелдер арасындағы тең құқылық

 

Құрметті оқырмандар!Еліміздің тарихында тұңғыш рет қабылданған Гендерлік теңдік стратегиясы әлеуметтік саясаттағы жаңа белестердің бетін ашты. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму мақсаттарына» жетуді қамтамасыз ету үшін қабылданған гендерлік саясат қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталды. Қазақстанда ер мен әйелдің тең құқылығы елімізде тәуелсіздік алған жылдары дами түсті. Гендер дегеніміз – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын мәдени нормалар мен рөлдердің жиынтығы. Ал гендерлік саясаттың мақсаты – ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы теңдігі. Оқырмандар! Ерлер мен әйелдердің тең құқығы бойынша толғандырған сұрақтарыңызға  жауапты  осы әдебиеттер тізімінде берілген материалдардан ала аласыздар. Жүктеу (pdf)


Көркем сөздің құлагері

bokei kazҮстіміздегі жылы аса дарынды талант иесі,Қазақ ССР Мемлекеттік Абай сыйлығының, бұкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының, және «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің туғанына 65 жыл. Осығын орай «Көркем сөздің құлагері» атты әдебиеттердің ұсыныс көрсеткішін ұсынамыз. Көрсеткіштің мақсаты – жазушының шығармаларын, оның өмірі мен творчествасы жайлы әдебиеттерді оқуда және насихаттауда қалың оқырман қауымға және кітапхана қызметкерлеріне көмектесу. Көрсеткіш жоғары сынып оқушылары мен студенттерге және әдебиеттерді сүйіп оқитын көпшілік оқырмандар қауымына арналады.

Жаны жайсаң жерлесіміз

Сөйле менің жүрегім, сөз келгенде,
Шаршы топта сайрайтын кез келгенде.
Таразылап тарт ойды безбендерге
Көңілімнің сырын айт көз көргенге
Өркен жайып өмірім өзгергенде,
Сөйле менің жүрегім сөз бергенде
, - деп

жерлесіміз Серік Ғабдуллаұлының өзі жырлағандай, есімімен де, творчестволық ісімен де облыс жұртшылығына танымал ақынның туғанына биыл 75 жыл толып отыр. Поэзия әлемінде өзіндік орнын тапқан, талап тұғырында талай тамаша жырды дүниеге келтірген, арманы айшықты, сезімі таза, жүрегінің барлық жылуын елге, жерге арнаған. Осы уақытқа дейін он үш кітап шығарып, жасамыстар мен жастарға үлгі тұтарлық жырларымен танылған ақын. Осыған орай «Жаны жайсаң жерлесіміз» атты 5-9 сынып оқушылары мен балалар оқуын басқарушыларға арналған әдебиеттер тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Ақын Серік Ғабдуллаұлы туралы мағлұмат алғысы келген әр оқырман осы тізімнің көмегіне жүгіне алады. Өйткені, бұнда ақын туралы мағлұмат беріліп, соңында ақынның шығармалары, сондай-ақ жерлесіміз жайлы мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалардың тізімі берілген. Бұл әдебиеттер тізімі, тек Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорында бар әдебиеттерден құрылған. Жүктеу (pdf)

"Туған жерін түлеткен ұлы тұлға"

Ұсынылып отырған «Туған жерін түлеткен ұлы тұлға» атты әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА академигі, үш дүркін Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналған. Елу жыл ел ағасы болған Д. А. Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де, естелік те әрқашан жетіп-артылады. Дінмұхамед Ахметұлы – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекеттке айналдырып кеткен жан.

.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений