Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - ШҚО атаулы кундері

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер

Құрастырушыдан
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Шығыс Қазақстанда 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты кезекті күнтізбесін басылымға әзірледі.
Бұл құрал екі тараудан тұрады. Бірінші бөлім аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбесінен тұрады. Жалпы тізімде өмірбаяны мен шығармашылығы талданатын есімдер жұлдызшамен белгіленген. Айы мен күні белгісіз атаулы күндер де бөлек тізбемен көрсетілген.
Ал екінші бөлімде атаулы күндер мен еске алынатын есімдер өмірбаяны және шығармашылығы қысқаша анықтама және әдебиеттер тізімі берілген.
Ұсыныс көрсеткіш, сондай-ақ көмекші көрсеткіш – еске алынатын есімдердің алфавиттік тізімімен жабдықталған.
Тараулардың ішінде материал хронологиялық тәртіппен орналасқан.
Көрсеткіш облыс кітапханашыларына, мәдени шара ұйымдастырушыларға, телерадио және баспасөз қызметкерлеріне, жалпы балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беретін ұйым жетекшілеріне, сонымен қатар облысымыздың тарихын, мәдениетін жетік білгісі келетін барша оқырмандарға арналады.
Даталарды анықтау және нақтылау облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді.
Осы көрсеткіш туралы пікірлеріңізді, ескертпелер мен ұсыныстарыңызды мына мекен-жай бойынша жолдауларыңызды сұраймыз:
Өскемен қаласы,
Ғарышкер көшесі, 6/2
Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КҮНТІЗБЕНІ КӨРУ

 

.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений