Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы - Сценарийлер

Шығармашылық табыстар бюросы

Құрметті оқырман!

Егер бұл парақтағы берілген мәліметтер әр түрлі жастағы балаларға арналған керемет сценарийлерді құрастыруға көмек берсе, біз Сізге тек сәттілік тілейміз.

Шабыт!

Ынта!

Шығармашылық!

Жетістік!

animashki-knigi-42

 

 

Әлемде талай қызық бар

(Танымдылық сабақ,1-5 сынып)

 

Жүргізуші:   Дүбірге толы дүние,

                   Таусылмайтұғын қызығы.

                   Танимыз оны әрдайым,

                   Оқиғалар деп біз ұлы.

Сәлеметсіздер құрметті балалар! Жоғарыдағы өлең жолдарында айтылғандай дөңгеленген дүниенің мол қызықты оқиғаларынан мағұлмат беретін «Әлемде талай қызық бар» атты танымдылық сабағымызға қош келдіңіздер!  

Сабағымыздың барысында қазақтың шешендік өнерінің бірі  мақал-мәтел, жұмбақтар мен қоса әр түрлі сұрақтарға жауап бере отырып әлемдегі біз біле бермейтін көптеген құпиялар жайында білетін боламыз.

Ал енді екі топқа бөлінеміз.

1 топ қырандар.

2 топ алғырлар деп аталсын.

Сендерге баға беріп отыратын әділқазы алқасын сайлап алайық... Толық нұсқасын жүктеу 

 

 

 

Желтоқсанның ызғары

(әдеби-сазды кеш, 3-4 сыныптар)

 

Сабақтың мақсаты: Осы тақырыпта оқушыларға мәлімет бере отырып, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың ерліктерін, еңбектерін үлгі етіп, ана тілін, Отанын сүюге әрқашан адал, жамандыққа жаны қас, шындыққа жаны жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелеп, саяси саналыққа баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойын жетілдіріп қандай жұмысқа болмасын белсене қатысуына, қиындықтарға, өмірдің ащысы мен тұщысына төзе білуге, әрқашанда батыл, жігерлі болуға, баулу үйрету.

Өткізу түрі: әдеби-сазды кеш... Толық нұсқасын жүктеу   

.

Вам необходимо зарегистрироваться на сайте, чтобы оставить комментарий.

Besucherzahler
счетчик посещений